Елімізде белсенділігі төмен
5571 үкіметтік емес ұйым бар. «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі
мен Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси
жұмыс комитеті бірлесе өткізген зерттеу осыны көрсетті.
Аталған зерттеу «үкіметтік емес
ұйымдардың» мемлекетпен байланысын айқындауға бағытталған. Жобаға бас-аяғы 27
мыңдай қоғамдық ұйым қатысты. Алайда олардың тек тең жартысы салық төлеп,
мемлекеттік органдармен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Ал еліміздің жалпы
ішкі өніміне үлес қосып отырған белсенді ұйымдар саны 7 мыңға жуық.
Таңшолпан Жауынбай, «Нұр Отан»
партиясы саяси менеджмент мектебі талдау және үйлестіру бөлімі сарапшысы:
Зерттеудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың бүгінгі жай-күйі мен оның даму перспективасын анықтау болып табылады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА