Елордалық
құтқарушылар әзірліктерін пысықтады. Астана қалалық әкімдігі мен төтенше
жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен
«Қыс-2015» арнайы оқу-жаттығулары өтті.
Құрамында 133 адам мен 37
техникасы бар 13 құрылымның дайындығы тексерілді. «Көктал-1» ықшам ауданындағы «Астана сүт
зауыты» ғимаратының қоймасында өрт болған. Бұл туралы ақпарды кезекші бөлімге
жергілікті тұрғындар хабарлапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл
жалынды ауыздықтап, жарақат алған адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Оларға
алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жоғары қабатта қалып қойған адамдарды
құтқару операциясы да жүзеге асты.
Сондай-ақ қар құрсауында қалып қойған адамдар
мен көліктерді алып шығу, су құбырлары жарылған кездегі жедел әрекеттер
пысықталды. Жаттығулар кезінде құтқару қызметтері жедел әрекет етуге қашанда
дайын екенін көрсете білді.
Барат
Дұзақбаев, Астана қалалық ТЖД бастығы:
Біздің
аварийный службаларымыз, экстренный отряд, оның техникасын, оның адамдарының
дайындықтарын, инструменттерінің бәрін тексеріп, ертеңгі күні апатты жағдай
болып қалған кезде, уақытында барып, адамдарға көмектесу. Сондай жұмыстар
жүргізіп жатырмыз бүгін.
Жұрағат БАМАН