$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қызылжарда өткен «Қыс-2015» оқу-жаттығу жұмыстарын вице-министр қадағалады

AstanaTV
05.11.2015ж. 20:00
1004
Қызылжарда өткен «Қыс-2015» оқу-жаттығу жұмыстарын вице-министр қадағалады

Қызылжарда қарлы боранның кесірінен Петропавл-Омбы тас жолында келе жатқан автобус жолдан тайып, аударылып қалды. Одан басқа тағы екі көлік қалың қардың құрсауында қалған. Абырой болғанда, жолаушылар дін аман.

Бұл «Қыс-2015» оқу-жаттығу жұмыстарының сценарийі. Дайындықты Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың өзі қадағалады. Ол аймаққа сапары аясында төтенше жағдайдың кез келген түріне төтеп берудің тактикалық амалдарын саралады. Вице-министр оқу-жаттығуға оң баға берді.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Қазақстанда төтенше жағдайға төтеп беру жүйесі жолға қойылған. Былтыр 5 мыңнан астам көлікті қардан шығарып, 14 мыңға жуық адамды құтқарып алдық. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстық және респубикалық маңызы бар жолдарды 600 рет жаптық. Бұл тиімді жүргізілген жұмыстың нәтижесі.

Абзал ҚҰРМАНКИН