Шымкент
тұрғындары бірер жылда тегін жеміс жейтін болады. Ол үшін арнайы «қоғамдық
баққа» ағаш көшеттері отырғызылып жатыр.
Елу
гектар аумаққа алма, алмұрт, шабдалы ағаштарының жас өскіні әкелінді. Жеміс
көшеттерінің аласа бойлы, ерте өнім беретін түрлері таңдап алынған. Келесі жылы
көктеген ағаштар, үшінші жылы мол өнім береді деген үміт бар,- дейді «Жасыл аймақ»
коммуналдық мекемесінің
басшылығы. Тұқымбақта өсірілген көшеттер гектарына 35-40 тоннадан өнім береді
деген жоспар бар. Бұл азық түлікті
тұрақтандыру қорына қосқан үлесіміз болмақ, - дейді мекеме директоры.
Гүлнар
Сапарымбет, «Жасыл аймақ » КММ
директоры:
Өздеріңіз
білесіздер, жылдан жылға дағдарыс болып жатыр. Қымбаттап жатыр. Ал мына 50
гектар баудың өзі біздің Шымкент халқына деген сәл де бір көмегі тиеді. Екінші
мәселе - бұл бауды қала халқы өздері келіп, бала-шағасымен, ағаларымен,
апаларымен келіп, өздері теріп алады
керегінше.