Өскемендегі
жаңадан құрылған жастар театры алғашқы маусымын «Жұлдызды сәт» атты қойылыммен
ашты. Труппадағы әртістер - Алматы мен
Астанадағы өнер академиясының түлектері. Арасында жергілікті жастар да бар. Бір
айта кетерлігі, талантты жас актерлер
тырнақалды қойылымын бірден үш тілде, яғни қазақ, орыс және итальян
тілдерінде тарту етті.
Едіге
Ақылбаев,
ШҚО жастар театрының актері:
Ән
де бар, би де бар, өмірдің қызық сәттері көп. Бұл театрымызда тек қана жастар
театры болып ашылып отыр. Жастардың театрға келуі театрға сүйіспеншілігін
арттыруға осы алғашқы басып отырған қадамымыз шақырады деп ойлаймын.
Қойылымға
сахнада өнер көрсетуді армандаған жас актердің өмірі арқау болған. Тек оның
дарынын бағалаушылар табылмайды. Бірде Италиядан тенор дауысты Тито Моррели
келеді. Бірақ аяқ астынан сырқаттанып қалып, орнына еленбей жүрген жас актер
шығады. Осы күннен бастап оның өмірі күрт өзгереді.
Премьера үшін әртістер
итальян тілінде бірнеше ария жаттаған.
Сахнада ән шырқап қана қоймай, әдемі әзілмен жандырып, цирк трюктерін көрсетті.
Алғашқы минуттардан көрермендер езу жимады. Людвигтің классикалық комедиясы өткен ғасырдың отызыншы жылдары жазылса да, өзектілігін жоймаған. «Жұлдызды
сәт» классикалық комедиясы талантты жастар үшін шын мәнінде жұлдызды сәт болды.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ