Демалыс
күндері елдің басым бөлігінде күн суытады. Солтүстікте ауа температурасы -18
градусқа төмендейді. Бұл туралы
"Қазгидромет" хабарлайды.
Синоптиктердің сөзінше,
солтүстік-батыс циклон әсерінен қатты жел тұрып, дауыл болуы мүмкін. Ауа температурасы түнгі уақытта 0-ден минус сегізге дейін, кей
жерлерде минус 13 градус, ал солтүстікте минус 18-ге дейін төмендейді. Күндіз
сынап бағанасы оңтүстік облыстардан басқа аймақтарда минус 7 - минус 12
градусты көрсетуі мүмкін. Демалыс күндері Алматыда ауа райы 10-12 градус жылы
болады, Астанада қар жауып, желдің күші
секундына 15-20 метрге жетеді, қарлы бұрқасын болады деп күтілуде.
Жұрағат БАМАН