Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Самұрық-Энерго» инвестициялық бағдарламаларын 28 миллиард теңгеге дейін қысқартты

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
1121
«Самұрық-Энерго» инвестициялық бағдарламаларын 28 миллиард теңгеге дейін қысқартты

«Самұрық-Энерго» компаниясы оңтайландыру шеңберінде инвестициялық бағдарламаларын 28 млрд теңгеге қысқартты. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді.

Айтуынша, компания Семейдегі №3 жылу электр орталығы мен Алматы қаласындағы ірі гидростанция құрылысын тоқтатқан. Енді олар жергілікті атқарушы органдардың құзретіне өтеді. Инвесторлар тартылып, құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс, дейді басқарма төрағасы. «Самұрық-Энерго» өзге де бірқатар жобаларды уақытша тоқтатуға мәжбүр. Арасында Ерейментаудағы тікұшақтар паркінің 3-ші кезеңі,  Оңтүстік Қазақстандағы 50 мегаВаттық күн электростанциясының құрылысы бар.

Алмасадам Сатқалиев, «Самұрық- Энерго» АҚ басқарма төрағасы:

Курстық бағам айырмашылығы 75 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл  компаниямыздың жұмысына әсер етеді. Акционерлермен, директорлар кеңесімен бірлесіп, шығындарды азайтуды көздедік. Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайды ескере отырып, «Самұрық-Энерго» инвестициялық бағдарламаларын 28 млрд теңгеге немесе 23 пайызға қысқартты, ағымдағы шығындарды 9 млрд теңгеге немесе 5 пайызға төмендеттік.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА