235
қазақстандық турист бүгін түнде Мысырдан елге оралады. Бұл жөнінде біздің
арнамызға Алматыдағы туристік компаниялардың бірінің басшысы хабарлады. Шарм-әл-Шейх демалыс аймағына отандастарымыз 7 қарашада «SKAT»
әуе компаниясының ұшақтарымен
жеткізілген.
Қазір Мысырға қатынайтын әуе кемелері жолаушысыз, бос ұшып жатыр.
Қазақстандықтар бұл елге сапарын кейінге қалдырған. Айта кетейік, Азаматтық
авиация комитеті Қазақстандағы әуе компанияларына Мысырға жолаушы тасымалдауға
шектеу қою жөнінде ұсыныс жасаған еді.
Талғат
Даиров, туристік компания жетекшісі:
Бұрын
жоспар бойынша бір ұшақ 235 жолаушыны апарып, сондағы адамдарды кері алып қайту
керек болса, қазір олай емес. Ұшақтар
туроператорлар қаражатының есебінен бос ұшып жатыр. Бүгін соңғы рейс. 235
адамның 80-і біздің компанияның туристері.