$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Қазмұнайгаз Барлау және өндіру» табысы 98,6 пайызға кеміді

AstanaTV
07.11.2015ж. 20:30
1433
 «Қазмұнайгаз Барлау және өндіру» табысы 98,6 пайызға кеміді

Ұлттық компания құрамындағы «Қазмұнайгаз Барлау және өндіру» АҚ –ң алғашқы жарты жылдықтағы пайдасы былтырмен салыстырғанда 98,6 пайызға құлдыраған. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы алты айдағы табысы бар-жоғы 2,9 миллиард теңге. Ал өткен жылғы сондай уақытта 210 миллиард тапқан еді. Оның негізгі кәсіпорындарының бірі «Өзенмұнайгаз»-ң шығыны 114 миллиард теңгеге жеткен. Себебі «Өзенмұнайгаздағы» мұнай баррелінің өзіндік құны 70 доллар. Ал әлемдік бағаның «сықпыты» анау – осы аптада brent маркалы мұнайдың баррелі 48 долларға түсті... Жазда «Самұрық-Қазына»-ң басшысы Өмірзақ Шөкеев «ҚазМұнайГаздың» қарызы 18 миллиард долларға жеткенін айтқан еді. Яғни Ұлттық Компания тапқан-таянғанын кредиторларға береді. Инвестициялық міндеттер туралы айту артық. «Өзен» сияқты көне кеніштерге салатын ақшаның азаюы мұнай өнеркәсібін одан әрі шатқаяқтатады. Ал еркін айналымға жіберілген теңге шетелдік қондырғылардың бағасын одан әрі қымбаттатады...

 Орал Ақшолақов, Қазақстанның Құрметті геолог-мұнайшысы:

Ембімұнайда 35 кешен бар. Мұнай өндіретін. Солардың бір-екеуі болмаса, соңғы жылдары қосылған, басқаларының экономикасы нашар. Олардың бәрі дотационный. Олрды бірден жауып тастауға жергілікті халық, сол жердің инфраструктурасы, солардың жағдайлары әлеуметтік – жауып тастаса, қиын болады да, мыналардың бәрі жұмыссыз қалады. Олардың негізгі еңбектері тек мұнай өндірісіне байланысты ғана заттар... 000735 егер мұнай барлау жұмысы жасалмаса, ескі кен орындарынын мұнай алу, көбейту мүмкін емес. Ол керісінше, жылдан-жылға төмендей береді.