$498.51 €522.84 ₽4.81
×

АҚШ-ң Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Орталық Азия мен Қазақстанға сапары

AstanaTV
07.11.2015ж. 20:30
1479
АҚШ-ң Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Орталық Азия мен Қазақстанға сапары

АҚШ-ң Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Орталық Азия мен Қазақстанға осы аптада аяқталған сапары да орыстарды «ммм, аймақтағы ықпалын әлсіретпеудің амалдары» дегізіп жатыр.

Керри Н.Назарбаевпен әлбетте, журналистерсіз әңгімелесті. Әлбетте, кейін  дипломатиялық шеңбердегі ақпарат таратылды. Мән беретін деталь – АҚШ Мемлекеттік хатшысының  Назарбаев Университеттегі тезистері. 

«Экономикалық интеграция нәтижесі нөлге тең ойын болмауы керек... Биліктің сайлауалды уәделерін орындауы, соттардың тәуелсіздігін, сөз, жиналыс, дін, саяси ой бостандығын қамтамасыз етуі өте маңызды... «Кешегі күннен алыс, ертеңгі күннен жақын ешнәрсе жоқ» деген қазақ мақалы бар. Бұл нені білдіреді? Болашақ сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да туады, сондықтан болашаққа дайындықтың әрбір сәтін тиімді пайдалану керек. Әсіресе қазір – осы уақытта, біз бірге кезде»,- деді Д.Керри.

«Терроршылардың болуы билікке әр нәрсенің ара-жігін ажыратпай, зорлық жасау құқығын бермейді. Және терроризм саяси оппоненттерді жауып, азаматтық қоғам құқықтарын шектеуге, «бөтен ойлы» адамдарға жалған жала жабуға мүмкіндік беретін перде емес. Мұндай әрекеттер керісінше, терроршылардың күшеюіне апарады».

Студенттерге көзқарасты барынша кеңейтуге, айналысатын істен рахат алуға кеңес берген АҚШ Мемлекеттік хатшысының тезистерінен теріп алғанымыз осы.