Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазір «Өзге пікір» айдары

AstanaTV
07.11.2015ж. 20:30
1847
Қазір «Өзге пікір» айдары

Павлодар облысының Екібастұз қаласына елді езіп, жұртты жаншып жатқан қаржылық қиындық жетпеген сияқты. Жергілікті билік жаңа жылға дайындыққа кірісіп кетіпті. Қазірдің өзінде үрлемелі аяз ата мен ақша қар сатып алуға тендер жариялаған. Қанша теңгеге дейсіз ғой?! Бір миллион теңгеден асады. Не деген батпан құйрық?! Ол бізге батпан құйрық. Ал әкімдіктегілер бұл ең арзан баға деп қарап отыр. Аяз Атаны  291 мың, Ақшақарды 261 мың теңге, ал 2016 жылдың нышаны  резеңке маймылды 547 мың теңгеге аламыз- деп жоспарлапты. Бәрін қосқанда жергілікті қазынадан 1 миллион 99 мың 500 теңгені «үрлеп» жібермек. Кезінде экс-әкім Ерлан Арын 16 млн теңгеге «алтын» шырша орнатып, басы бәлеге қалған еді.  Бірақ Павлодар өңірінің билігі өткеннен сабақ алмайтын сияқты.