$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Ұлы дала Елі» идеясы

AstanaTV
07.11.2015ж. 20:30
2042
«Ұлы дала Елі» идеясы

«Нұр Отан» партиясының «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі ел зиялыларының басын қосып, «Ұлы дала Елі» идеясын іске асыру бойынша пікір алысты. Идеяның халық бірден танитындай логотипін жасауға байқау өткізілмек. Республикалық ақпарат құралдары арқылы Тоныкөк заманы, Күлтегін жазбаларынан тарқатып, елдік пен бірлікке қатысты аталы сөздер жарияланады. Алғашқы бейнероликтер «Астана» арнасынан көрсетілмек.

 «Түнде ұйқы көрмедім, күндіз күлкі көрмедім, қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді, күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып - бәрі елім үшін». Төныкөк

«Ағалы інілінің дауласуына, әке мен баланың ымырасыздығына, бекті халықтың жауласуына жол бермей, мәңгілік ел орнату». Асыл мұра ретінде қалған «Күлтегін - Тоныкөк» жазбалары әлі де өзекті. Бағытымыз – Ұлы дала еліне айналу. Осы бағытты «Нұр Отан» партиясы мықтап қолға алды. «Мирас»  республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысы партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өтті. Жиынға еліміздің ертеңі үшін елеңдеген ел ағалары келді. «Ұлы дала елі», «Мәңгілік ел» идеялары соңғы уақытта жиі айтыла бастағанмен тамырын ұлан байтақ қазақ жерін мекендеген Түркі қағанатынан алады. Сондықтан әлем елдерімен тереземізді теңестіруге ұмтылып  жатқан заманда ұлтты ұйыстыратын мықты идеология қажет-ақ. Зиялылардың пікірі осы.

¤

Мырзатай Жолдасбеков, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

¤

Идеология деген өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл компас сияқты ғой. Компасы жоқ кемені егер мұхитқа айдап жіберсеңіздар адасады, көкте самолет те адасуы мүмкін. Біздің адамдар адаспауы үшін, қоғам адаспауы үшін, Қазақстан адаспауы үшін осындай идея керек еді.

Идея бар. Ендігі меже – оны өміршеңді ету.  Алдымен бірегей логотип қажет. Сол себепті «Ұлы дала елін» бірден танытатын үздік логотип байқауын жариялау ұсынылды. Бұдан қалды, республикалық ақпарат құралдарында Тоныкөк заманы, Күлтегін жазбаларынан бергі елдік пен бірлікке қатысты аталы сөздер жарияланып тұрмақ. Алғашқы бейне роликтер Астана арнасынан көрсетілмек.

¤

¤Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:¤

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі жетекші саяси күш ретінде осы істерді үйлестіруге, Қазақстанның имиджін қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралардың қабылдануына, осыны іске асыруына бастамашы болып, өзіндік үлесін қоспақ. Нақты айтқанды осы идеяны насихаттау және іске асыруға қажетті шара ол әлеуметтік-мемлекеттік тапсырыс аясында қабылданатын шара, осыны бүгінгі кеңеске қатысып отырған тиісті министрліктердің лауазым иелеріне ұсыныс ретінде айтамыз.

 Мәңгілік ел идеясы – көп ұлтты елімізде ерекше өзекті. Бұл идея ішкі татулыққа бағытталған болса, Ұлы дала елі – Қазақияны шетелге  танытатын бренд болуы керек. Кеңеске қатысқандар пікірі осы. Қазақ бұған дейін «Еркін халық», «Алаш елі» деп те аталып келді, ал ең ақылға қонымдысы  - «Ұлы дала елі» - дейді қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан. 

Бекболат Тілеухан, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

¤

«Мәңгілік ел» және «Ұлы дала» тұжырымдамалары арасындағы байланысқа біз ерекше көңіл бөлуіміз керек. Егер «Мәңгілік ел» қоғамның тұтастығына бағытталған ішкі құжат болатын болса, «Ұлы дала елі» тұжырымдамасы бүгінде әлемдік кеңістікте еліміздің сыртқы имиджіне ие болатын брендке айналуы керек шығар деп ойлаймын.

Елбасының Ұлы дала елі идеясы аясында қазақ тілі де өркен жаюуы керек. Кеңеске жиналғандар осыған ерекше назар аурдарды. Мемлекеттік тілдің өз елінде өгейдің күйін кешіп, босағадан сығалап тұрғаны қабырғаға батып бітті. Алдымен қазақ тілін мемлекеттік органдардың төріне шығару қажет. Шенеуніктердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау жүйесін нақтылау керек. Құжаттардың түпнұсқасын қазақ тілінде жазу, қазақ тіліндегі кітаптарды электронды нұсқаға көшіру, әлемдік туындыларды сапалы аудару, кинотеатрларда қазақ тіліне аударылған фильмдер көрсетілімін қолайлы кешкілік уақытта қойып, барлық  фильмдердің 60%-нан кем көрсетілмеуін талап ету, көрсетпегендерге шара қолдану тұрғысында сан алуан ұсыныстар түсті. Әр өңірде қазақ тілін дамытатын орталықтар ашылып жатыр. Алайда олардың кейбірі тек қағаз жүзінде жұмыс істейтіні жасырын емес.

 Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

 Тіл орталықтарының саны 88 дедіңіз бе? Ал, ол шын мәнінде қажеттілікке қарай қанша болу керек? Оңтүстікте іс-қағаздардың көбісі қазақ тілінде жүргізілетінін білесіз. Соның өзінде ол өңірдегі тіл орталықтарының саны 14. Қарағандыда 5, Павлодар 1, Алматы 1, Астанада 2. Бұл жеткілікті ме? Олардың жұмыс сапасы қандай? Осыны талдау қажет. Әрбір облыста осыған қатысты меже болу керек.

 Ұлы дала символдары ЭКСПО көрмесінде де, алда өткізілетін Универсиадада қолданылады. Туристер үшін далалық арнайы маршрут желісі құрылмақ. «Ұлы Дала елі» және «Мәңгілік ел» атаулары елде мекендерге, көше даңғылдарға берілуі мүмкін. Яғни «Үйеңкілер елі» дегеннен Канаданы, «Күншығыс елі» атауынан Жапонияны, «Аспан асты елінен» Қытайды, «Қызғалдақтар елінен» Голландияны қалай таныса, «Ұлы дала елі» дегенде бірден Қазақстанды тануы тиіс. Ал қазақтығымызды айшықтатын дүние аз емес. Ұлы даланы мекендеген ата-бабаларымыз жабайы жылқыны алғаш рет қолға үйретті. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденді де.

Бекболат Тілеухан, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

Адамзатқа аспандағы бүркітті аулап, қолға үйреткен Алтай, тарбағатай бүгінгі Қазақстан территориясынан шыққан адамдар.Ұлы дала екенінін негіз болатын нәрсе ме, негіз болатын нәрсе. Мысалы үшін Қазақстан - алманың отаны. Ең үлкен алма Қазақстанда. Осы атауды пайдаланып тек Алматының емес, Қазақстанның атына да пайдалануға болатын нәрсе деп ойлаймыз. Адамзат ғарышқа бірінші аттанған мекен бұл Байоңыр. Қазақстан даласында.

 Айгүл Әдепбай, тілші:

Ұлттық құндылықтарымыз, салт дәстүріміз бен әдет ғұрыптарымыздың өзі бір төбе. Шетелдіктер өзгесін айтпағанда түрлі ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық киім-кешектеріміздің өзіне қызыға қарайды. Ұлттық тағамдарымыздың орны ол бөлек. Дертке шипа беретін қымыз, шұбатымыздан бастап, бауырсағымыз бен ірімшік, құртымыздың өзіне тамсанады шеттен келген қонақ. Домбыра мен қобыздан төгілген әуезді әуендерге де балқымай тұра алмайды. Қысқасы, қазақ даласын Ұлы дала елі ретінде танытататын құндылықтарымыз жетіп артылады. Тек жеткізе белсек болғаны.

Айгүл Әдепбай