Қызылжарда
заңсыз жұмыс істеп келген наубайхана әшкере болды. Жергілікті құқық
қорғау органдарының дерегінше, астыртын цех өнімдері қаладағы сауда орындарында
сатылып келген. Күніне нан, тәтті тоқаштар мен шелпектің 400 данасы өткізіліп
келген. Тексеріс кезінде заңсыз
наубайхананың санитарлық талаптарға сәйкес келмегендігі белгілі болды.
Кәсіпорын басшысы арзан жұмыс күшін пайдалану үшін Өзбекстан азаматтарын жалдаған,
дейді тәртіп сақшылары. Белгілі болғандай, олардың Қазақстанда жұмыс істеуге
ресми рұқсаттары жоқ. Қазір полицейлер ұйым жетекшісін іздестіріп жатыр.
Спартак
Қабденов, СҚО ІІД аса маңызды істер бөлімінің аға жедел уәкілі:
Цехті
тексеру кезінде екі Өзбекстан азаматы ұсталды. Олар Петропавл қаласына 2-3
апта бұрын келдік деп түсіндіріп жатыр. Қазіргі оларға қатысты әкімшілік
хаттама толтырылды.
Баходир
Юлдашев:
Күнде
350-400 шелпек істейтінбіз. Бастықтың оны қайда сатқанын білмеймін. Бастықтың
өзін де білмейміз. Күніне екеуімізге 6 мың теңге төлеп отырды.
Абзал ҚҰРМАНКИН