$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елбасының Жолдауы Алматыда ғалымдардың талқысына түсті

AstanaTV
07.02.2014ж. 20:00
1179
Елбасының Жолдауы Алматыда ғалымдардың талқысына түсті

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы ғалымдардың талқысына түсті. Келелі кеңес Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінің қабырғасында өтті. Конференцияға Парламент депутаттары да қатысты.

Мұнай-газ секторындағы экспорттың потенциалын сақтай отырып, көмірсутекті өңдеудің жаңаша тәсілдерін іздестіруді Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында міндеттеген. Осыған орай геолог-мамандар бұл мәселені шешуді мамандардың даярлығынан бастауды ұсынды. Білім беруді өндіріспен тығыз байланыстыруда студенттердің жаңаша ойлауына, креативті идеяларына баса көңіл бөлінбек.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды жүзеге асыру үшін пайдалы қазбалардың қорын толтыруға ғылыми негіз жасалуы қажет. Ғалымдар сондай-ақ жаңа кен орындарын табу сынды іргелі істерді талқыға салды.


Ақылбек Жүнісов, геолог- ғалым:


Студенттерден бастап профессор-ғалымдардың еңбектерінің барлығы да кешегі Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы геологияны дамытудың мәселелері осында қарастырылып жатыр. Геология ғылымы Қазақстандағы барлық ғылым сияқты тоқырауды бастан кешіріп, өтіп келеді. Өткеніне бір себеп ретінде мемлекеттің көңіл бөлініп жатқанын айтуға болады.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ