Батыс қазақстандық кәсіпкер Виталий
Каркуланы өлтірді деген айыппен ұсталған екі күдікті кінәларын мойындады.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, екі күдікті де қылмысты мойнына алып,
түсінік беріп жатыр.
Айта кетейік, Облыстық ішкі істер
департаменті мен прокуратура қызметкерлері аталмыш қылмысқа айыпты отыз және
отыз бес жастағы екі күдіктіні ұстаған. Ұсталғандардың
бірінің көлігінде қару анықталған. Үшінші күдікті іздестіріліп жатыр.
Еске салайық, кәсіпкер Виталий
Каркуланы қаңтардың 13-іне қараған түні белгісіз біреулер басына оқ атып
өлтірген. Түн ішінде үйге басып кірген
қарақшылар, оның әйелі Валентина Каркуланы да аямаған. Ес-түссіз халде
ауруханаға түскен әйел ажал аузынан аман қалды. Ал ішкі істер органдары осы
оқиғаға байланысты ақпарат берген адамдарға ірі көлемде сыйақы берілетінін
жариялаған.
Әлия ӘШІМ