$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коммуналдық қызметке төленетін тарифтерді тұрақтандыру дұрыс емес

AstanaTV
07.02.2014ж. 20:00
720
Коммуналдық қызметке төленетін тарифтерді тұрақтандыру дұрыс емес

Коммуналдық қызметке төленетін тарифтерді тұрақтандыру дұрыс қадамға жатпайды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басшыларының пікірі осылай. Коммуналдық қызметтің тарифін өсіруді тоқтату туралы депутаттардың бастамасын сынға алған агенттік өкілдері тарифті бекіту кезінде таза есеп болу керектігін атап айтты. Ал қызмет ақысының тым қымбат екенін алға тартқан депутаттардың сауалына агенттік жетекшілерінің жауабы табылды. 

Аманжол Алпысбаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары:


Тарифтер инфляция салымының бекітілген бастапқы көрсеткіші мен табиғи монополия субъектілерінің сұранысы бойынша жоғарылатылады. Биыл бұл мәселеге қатысты жағдай соншалықты күрделі болады деп ойламаймын. Мысалы, жыл басынан бері 52 ұсыныс түсті. Оның жетеуіне қарсылық білдірдік. 18 сұраным әлі қаралып жатыр. 20-сы бекітілді. Мұның көбі елді мекендерден.


Ал Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарымен қатар еліміздің шығыс, батыс өңірлері және Жамбыл облысы су құбырларын жаңарту бағдарламасының зардабын тартып отыр. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы осымен екінші жыл тұрғындардың қалтасын қағуда. Ал Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бағдарлама оң нәтиже бермесе, шығын толық қайтарылады дейді. Айта кетейік, құбырларды жөндеу мен жаңарту ісіне 32 млрд теңге жұмсалған. 


Әлия ӘШІМ