$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде обыр дертіне жыл сайын 30 мыңдай адам шалдығады

AstanaTV
07.02.2014ж. 20:00
1400
Елімізде обыр дертіне жыл сайын 30 мыңдай адам шалдығады

Елімізде обыр дертіне жыл сайын 30 мыңдай адам шалдығады. Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың. 70%-ның дертін дәрігерлер соңғы сатыларда анықтайды. Яғни біздегі басты проблема - аты жаман аурудың алдын ала алмай отырғанымызда. Ауылдардағы жағдай тіптен қиын. Диагноз қоюда да отандық медицина осалдық танытып отыр. Сонымен қатар соңғы сатылардағы науқастардың жағдайын жеңілдететін хоспистардың аздығы да едәуір қолбайлау.


Гүлнәр Қоңырова, «Вместе против рака» қоғамдық қорының директоры:


Елімізде хоспис жеткіліксіз. Бізде 70 шақты хоспис болу керек. Ал қазір олардың саны алтаудан аспайды. Тіпті бүгінге дейін ұлттық паллиативтік көмек стандарттары қабылданған жоқ. Өткен жылы қабылдана ма деп едік. Бірақ әлі нәтиже жоқ.


Осы және өзге де өзекті тақырыптарды Астана арнасындағы жаңа жобадан көріп біле аласыздар. Жайна Сламбектің «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық қорытынды бағдарламасы 8 ақпанда эфирге шығады. Салмақты мәселелер сарапқа түсетін жобаны көргіңіз келсе, сенбі күні кешкі сағат 20.30-да Астана арнасын қосыңыз.


Айгүл ӘДЕПБАЙ