Бүгін алматылықтар да Отан қорғаушылар күнін ерекше атап өтті. Қаладағы 28
гвардиялық панфиловшылар саябағында мерекелік шаралар ардагерлер шеруімен басталды.
Сондай-ақ қарт майдагерлер өз
естеліктерімен бөлісті. Қала әкімі Ахметжан Есімов жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Дәстүр
бойынша осы күні көптеген бозбала Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге
аттанады. Бүгін де Алматыдан әскери борышын өтеуге 800 азамат Қарулы Күштер сапына алынды. Осы
шараға орай болашақ жауынгерлерге арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді. Қарт
майдангерлер «соғыс болмасын» деп тіледі.
Ғаббас Жұматов, Ұлы Отан соғысының
ардагері:
Бұл енді біз үшін тарихта қазақтар, қазақстандықтар туған жерін суыт қорғай
білген. Біздің тарихымызда үлкен орын алады. Бұдан былай да әскердің өз
дәрежесінде болуын біз әрдайым тілейміз.
Шараға жиналған жұрт саябаққа орналастырылған алып экран арқылы Астанада
өткен әскери парадты тамашалады. «Тікелей эфирден берілген
әскери шеру ерекше әсерлі болды»,- дейді жиналғандар.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ