«Сауд Арабиясы шығындарын қысқартуы тиіс». Бұл туралы
халықаралық валюта қорының есебінде айтылды. Қордың Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша департаментінің
директоры Масуд Ахмед корольдік өз бюджетінің кірісі мен шығысын қайта есептеуі
керек деп санайды.
Мұндай мәлімдемеге Сауд Арабиясының валюта қорын қысқартуы
түрткі болды. Әлемдік мұнай бағасының рекордтық көрсеткішке құлдырауына
байланысты, ақпан-наурыз айларында Саудия орталық банкі қоры 5 пайызға
қысқарды. Бұл 36 млрд доллар. Бұған әскери шығындардың артуы себеп.
Ұлттық
қордың қысқаруына сонымен қатар, Салман патшаның таққа отыруына орай
тұрғындарға 30 млрд долларды сыйақы ретінде төлеп, қарыздарын кешіргені де әсер
етті. Егер мұнай бағасының баррелі 80 долларға өссе де, қаржылық жағдайдың
нашарлауына одан әрі жол бермес үшін, Сауд Арабиясы бәрібір шығындарын қысқарту
керек деген пікір айтады сарапшылар.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ