Қаржы полициясы Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың үстінен
"қызмет бабын асыра пайдалану" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұл жөнінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес
агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дерекке сай, шенеунік 2013 жылы
"ЮТЭКС" серіктестігі басшысына кәсіпорын есебінен өзінің
Қарағандыдағы жеке меншік үйіне жөндеу жүргізуді заңсыз тапсырған көрінеді.
Аталған фирма бұл кезде тұрғын үйлер құрылысымен айналысып жатқан. Алдын ала
есептеуге сәйкес, Смағұловтың үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарының құны 5 млн
теңгеден асқан. Қазір қылмыстық іс тексерілуде.
Еске салайық, Мейрам Смағұлов
маусымның соңында Қарағанды қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кету туралы
өтініш жазған болатын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ