$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қарағандыда екінші дүниежүзілік соғыстан оралмағандар жайлы кітаптардың тұсауы кесілді

AstanaTV
30.04.2015ж. 10:00
1750
Қарағандыда екінші дүниежүзілік соғыстан оралмағандар жайлы кітаптардың тұсауы кесілді

Жеңістің 70 жылдығына орай, Қарағанды облысынан соғысқа аттанған азаматтар жайлы жаңа деректер жарияланды. Осы тақырыпта екі бірдей кітаптың тұсауы кесілді. Бұрын есімдері белгісіз болып келген майдангерлер  туралы деректер «Ер есімі-ел есінде» атты жинаққа топтастырылған.

Бұл - 2003-2008 жылдары жарық көрген «Боздақтар» үш томдығының жалғасы іспетті. Сондай-ақ, соғыс құрбандарының естелік хаттары, әскери құжаттар, елде қалған ұрпақтары жайлы тың мағлұматтар бір еңбекке арқау болды. Құжаттар мен материалдар «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында. Тыл балалары» атты кітапқа жинақталған. Аталған еңбектерде із-түзсіз жоғалған 1 мың 148 жауынгер мен соғыс кезінде егін шаруашылығында жұмыс істеген балалар жайлы мағлұматтар енгізілген. Фото-жазба құжаттар Германия, Финляндия, Ресей әскери комиссариаттарының мұрағат қорынан, интернеттегі түрлі сайттардан алынған.  Жаңа кітаптар оқу орындары мен кітапханаларға таратылмақ.

Жанагүл Тұрсынова, Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатының директоры:

Соғыс кезінде шахталарда, ауыл шаруашылығында сол балалар жұмыс істеді. Сол жылдары 111 бала жоғарғы мемлекеттік грамоталармен мараптталған. Бұл құжаттарды тұңғыш жариялап отырған.

Әсем ҚУАШ