$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Жаңғырту мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылады

AstanaTV
30.04.2015ж. 20:00
1016
Жаңғырту мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссия құрылады

Қазақстанда бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін, жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия құралады. Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада жиын өткізіп, әр саланың дамуына жауаптыларды бекітті. 

Үкіметтің басшысын тағайындағаннан кейін барлығын тездету керек. Жұмыс істеуді бастау керек. Уақыт жоқ. Жаңғырту жөнінде Ұлттық комиссия құрылады. Комиссияның құрамына Масимов төраға болады. Нығматулин оның орынбасары болады.

Сонымен Кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобын Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, біртектілік және бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын Парламент Мәжілісі  төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева басқаратын болды. Комиссия құрамына шетелдік консультант ретінде «Назарбаев Университеті» президенті Шигео Катцу енеді, - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ