$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Қытай Қазақстанмен шекарада автотуристер үшін кедендік өткізу бекетін ашпақ

AstanaTV
05.05.2015ж. 20:00
1399
Қытай Қазақстанмен шекарада автотуристер үшін кедендік өткізу бекетін ашпақ

Қытай көрші орналасқан үш мемлекетпен арадағы шекарада автотуристер үшін кедендік өткізу бекетін ашпақ. Бекеттің жоспары Бас кедендік басқармамен бекітіліп те қойған. Бұл жайында провинциялық қолданбалы экономика ассоциациясының төрайымы Чжан Чуньцзяоға сілтеме жасап, Интерфакс агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуына қарағанда, үш мемлекеттің қатарына Қазақстан, Ресей және Монғолия кіреді. Ассоциация төрайымы өмір сапасының жақсаруына орай қытайлықтар автотуризм саласына көп көңіл бөле бастағанын айтады.

2014 жылы халық арасында өткізілген сауалнама  нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың 30 пайызы шетелге көлікпен шығуды қалайды екен. Бүгінде аспан асты елінде  293 көліктік портал бар. Олардың 148-і жағажай, 116-ы шекара, 29-ы құрлықішілік көліктік порталдар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА