«KLM» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Алматы әуежайына шұғыл
қонуға мәжбүр болды. «Boeing 777» әуе кемесі Бангкоктан - Амстердамға бағыт
алған. Ұшақтың шұғыл қонуына жолаушылардың біріне жедел медициналық көмектің
қажеттігі себеп болыпты. Бірақ жағдайдың анық-қанығы әлі белгісіз. Алматы
әуежайының сайтында орналасқан ұшу кестесінде, аталған ұшақтың бір сағатқа
кешіккені көрсетілген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ