Соғыс
жылдарында сарбаздарды тасыған вагон Павлодар тұрғындарының назарына ұсынылды.
Осылайша бүгінгі ұрпақ Жеңіс мерекесіне орай ардагерлерге кезекті тарту жасады.
Теміржолшылар жәдігердің дәл
сол кездегі қалпын қайтаруға тырысқан. 1893 жылы құрастырырылған теміржол
құрамының бөлігі сұрапыл күндердің лебін сездіргендей. Ортада пеш орнатылып,
оны айнала тақтайлар қойылған. Соғыс жылдарында бұл тақтайлар майдангерлер
тынығатын орын болған деседі. Әсіресе,
қыстың қақаған аязында мұндай вагондар сарбаздар үшін жылы әрі қауіпсіз жер
болатын, - деп, өткенді еске алды көнекөз қариялар.
Ораз
Әлмұхамбетов, ардагер-теміржолшы:
Бұл вагонның сырғуы жақсы. Серіппенің арқасында бар күш доңғалақтарға түседі.
Сондықтан мұндай вагондармен жүрген адамдар өзін жайлы сезінген. Яғни толқында тербелгендей демалып баратын.
Әскери
даңқ
мұражайына жиналған қауым «Белгісіз сарбаздың» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Осылайша бұқара қан майданда мерт болған ардақты аталарымыздың рухына тағзым
етті. Айта кету керек, соғыс жылдарында дәл осы станциядан талай азамат соғысқа
аттанды. Бүгінде бұл жерде жүзге жуық құнды жәдігер топтастырылған. Бірақ соңғы
уақытта оларды сындырып-бүлдіру оқиғалары күрт өскендігі байқалады. Бұған қарт
майдангерлер алаңдаулы.
Николай
Гоков, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Бұл
мәселені ата-аналарға айту керек. Өкінішке орай, үлкендер қазір жұмыстан бас
көтермейді. Баласының тәрбиесімен айналысу екінші кезекте. Мұның соңы осындай
келеңсіз жағдайларға әкеп соғуда.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ