$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасын қабылдады

AstanaTV
05.08.2014ж. 20:00
1430
Елбасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасын қабылдады

"Самұрық-Қазына" өндірістік компанияларға инвестиция тарту, жаңа өнім түрлерін игеру мен заманауи технологиялар енгізуді қамтуға ден қоюы қажет". Ақордада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының» басқарма төрағасын қабылдаған Елбасы осындай тапсырма берді. Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысына халықаралық компаниялардың деңгейіне жету үшін, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасының әзірленіп жатқанын айтты. Аталған бағдарлама дайын болғанда, оның жұмысын ресми түрде бастап беретін халықаралық форум өткізілмек. Кездесу соңында Президент нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, «Самұрық-Қазынаның» өз жұмысы мен беделіне ден қоюы керектігін қадап айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өткен дағдарыс жағдайында банктерді шығару үшін талай жұмыс істедіңдер. Біздің акционер болдыңдар банктерге. Қазір одан шықтық қой. Енді қазір компанияның өз жұмысына: әр компанияның ішіндегі байлығын көбейту, одан өнімді көбірек түсіру, жаңа технологияны ендіру жағдайлары болып отыр.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

Арнайы шетелдік халықаралық компаниялар бізді салыстырды солармен. Біз біраз көрсеткіштер бойынша олармен бәсекелестігіміз бар. Бірақ 3 негізгі көрсеткіш - күнделікті жұмыстың тиімділігі, инвестициялардың қайтарымы, сосын капиталдың қайтарылымы. Сол жөнінде бізге әлі көп жұмыс істеу керек. Соларды жасау үшін арнайы бағдарлама дайындалды.

Т. АМАНАЛИЕВА