$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Польша Президенті Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысудан бас тартты

AstanaTV
04.05.2015ж. 10:00
1208
Польша Президенті Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысудан бас тартты

9 мамырға Мәскеуде жоспарланған Жеңіс шеруі - тұрақсыз , берекесіз әлемнің нышаны. Бұндай пікірді Польша Президенті Бронислав Коморовский білдірді. Польша Контституциясы күні салтананатты жиында сөз алған Польша басшысы аталмыш шеру өзі басқарған елі мен күллі әлемнің тыныштығына қауіп, - деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Ресейді Украинаға қастандық жасап отыр деп айыптады. Коморовскийдің пікірінше, қазір Батыс пен НАТО ғана қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады. Дәстүр бойынша, Мәскеудегі үлкен шеруге жыл сайын көптеген мемлекет және халықаралық ұйымдардың басшылары шақыртылады. Алайда биыл Мәскеудің шақыртуына кей елдердің президенттері бас тартты. Олардың қатарында АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Польша, Словения, Словакия, Германия және басқа да мемлекеттер басшылары бар.

Бронислав Коморовский, Польша президенті:

Жақында, 9 мамырда Мәскеу орталығы танктер алаңына айналады. Алдағы Жеңіс шеруі тарихқа тағзым емес, жаңа әскери техниканы паш ету. Бұл бүгінгі әлемнің кейпі. Бұндай жағдайда біз өзіміздің қауіпсіздігімізді ойлауымыз қажет.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ