Әзірбайжан мұнай мен газ
экспортына тәуелділікті төмендетуге тырысады. "Бұған әлемдік нарықта мұнай
бағасының құбылуы себеп болды", - деп ел президенті Ильхам Әлиев Азия даму банкінің
48-ші отырысында мәлімдеді.
ТАСС агенттігі келтірген Әлиевтің сөзінше,
қара алтын құнының өзгеруі Бакуді алаңдатып отыр. Әзірбайжан президенті ел
билігінің мұнай-газ саласына деген тәуелділікті төмендетуге үнемі талпынып
келгенін айтады. Әзірбайжаннан экспортталатын өнімнің негізгі бөлігін осы
шикізат құрайды. Ильхам Әлиев болашақта үкімет ауыл шаруашылығы мен
ақпараттық-коммуникациялық бағыттарға баса назар аударатынын жеткізді. Елді
отандық азық-түлікпен 100 пайызға қамтамасыз етпек. Тіпті ауыл шаруашылығы
өнімдерін экспортқа шығаруды көздеп отыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ