$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Швейцария банктерінде 1955 жылға дейін ашылып, елеусіз қалған мыңдаған есепшоттар анықталды

AstanaTV
04.05.2015ж. 13:00
1167
Швейцария банктерінде 1955 жылға дейін ашылып, елеусіз қалған мыңдаған есепшоттар анықталды

Швейцария банктерінде 1955 жылға дейін ашылып, елеусіз жатқан мыңдаған есепшот анықталды. Қаржыгерлердің айтуынша, бұл жайт екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін неміс ұлтшылдары ашқан есепшоттарды анықтауға зор мүмкіндік. Иесіз шоттар 50 жылдан бері ешқандай операция жүргізілмеген шоттарды жариялау туралы заң жобасы аясында анықталған. Арасында швейцариялықтармен қатар шетелдік азаматтардың да қаражаттары бар. Арасынан 1940 жылы неміс азаматы ашқан күдікті шот анықталды. Онда мыңдаған швейцария франкі сақталған екен.

Қожайыны жоқ есепшоттар қазір Швейцария билігінің бас ауруына айналды. Себебі 1990 жылы Әлемдік еврей конгресі Швейцария банктерін Холокост құрбандарының дүниесін қайтаруға үндеген. 1937 жылы швейцариялық банктері енгізген «банктік құпия» арқасында Германияның еврей отбасыларынан тартып алынған қаражатты, неміс ұлтшылдары елден шығарып, аталмыш есепшоттарға жасырса керек.


Азамат АЛДОҢҒАРОВ