Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанай облысында киіктер қырылған аумақтан шар тәріздес бөлшек табылды

AstanaTV
22.05.2015ж. 20:00
1278
Қостанай облысында киіктер қырылған аумақтан шар тәріздес бөлшек табылды

Ал Қостанай облысында, ақбөкендер ең көп қырылған аумақта шар тәріздес белгісіз бөлшек табылды. Алдын-ала болжамға сәйкес, бұл ғарыш кемесінің тетігі болуы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Шар тәрізді заттың диаметрі - 60 сантиметр. Аймақтық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері шұғыл зертханалық-тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде белгісіз бөлшектің қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ деген ұйғарым шығарыпты. 

Асқар Сыздықов, Қостанай облыстық прокуратурасының 1-ші басқарма прокуроры:

Амангелді аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы шардың түскен жеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Жоғары радиациялық көрсеткіш анықталған жоқ. Сонымен қатар қосымша шар табылған төңіректен топырақтың, ауаның, өсімдіктердің сынамасы алынып, арнайы сараптама тағайындалды.

Құзырлы орган өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, тек Амангелді ауданы аумағында қырылған киіктердің саны 40 мыңнан асқан. Киіктерге келген кеселдің шаруашылықтар мен жергілікті тұрғындарға тигізген зардабы жайлы мәлімет тіркелген жоқ. Қазіргі таңда бұл аумақтағы 16 мың гектар жерге карантин жарияланып, мал жаюға және ол маңайға кіруге тыйым салынды.

Заңғар САНАЙ




{+