Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақмола облысында да киіктер жаппай қырылып жатыр

AstanaTV
22.05.2015ж. 13:00
1483
Ақмола облысында да киіктер жаппай қырылып жатыр

 Киіктердің жаппай қырылуы енді Ақмола облысында да тіркеліп отыр. Жануарлардың өлексесі Жарқайың және Жақсы аудандарында табылған. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Әзірге қырылған киіктердің нақты саны белгісіз. Тек болжам ғана бар. Шамамен 1 мыңнан астам жануар қырылған,- дейді мамандар. Қазір ветеринарлар жануарлардың өлекселері табылған жерлерде жұмыс істеп жатыр. Су мен ауадан және топырақтан сынамалар алынып, зертханаға жіберілген. Киіктердің жаппай қырылуына пастереллез індеті себеп болуы мүмкін. Бұған дейін Қостанай облысында 27 мыңдай ақбөкеннің өлгені белгілі болған еді. Сондай-ақ Ақтөбе облысында 1300-ден астам киік белгісіз себептермен қырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА