Ал,
Францияда мұғалімдер наразы. Олар төрт жылдық орта мектеп-коллеждерді
реформалауға қарсы. Жаңа реформада ежелгі тілді оқыту пәні алынып тасталмақ.
Қазіргі таңда бұл пәнді коллежд шәкірттерінің 20 пайызы ғана оқиды. «Рейтерс»
агенттігінің хабарлауынша, неміс тілін үйретуде де бірқатар өзгерістер
енгізілмек. Бұдан бөлек, орта мектептерде барынша еркіндік беріліп, тәрбиелік
курстарды мейлінше көбейту көзделіп отыр. Білім беру саласына енгізілетін бұл
жаңашылдық бірден оңшыл оппозицияның сынына ілікті. Олардың пайымынша,
жаңашылдық шәкірттердің білімінің жаппай төмендеуіне алып келеді. Дейтұрғанмен,
аталған реформа нақты қашан енгізілетінін әзірге белгісіз, сала мамандары жобаны
өзара қызу талқыға салған.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ