$510.58 €571.8 ₽6.34
×

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Атамекен» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті

AstanaTV
21.05.2015ж. 10:00
2628
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Атамекен» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті

Жастармен, әсіресе жас кәсіпкерлермен байланыс орнатып, бизнес идеяларын іске асыруға қолдау көрсету үшін арнайы инфрақұрылым қалыптастыру керек. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жаңадан құрылған пікірталас клубының отырысында айтты. «Атамекен» пікірталас клубының алғашқы жиынына белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері және жас кәсіпкерлер келді. Басты сұрақ - кәсіп бастаймын деген жас азаматқа қолдау көрсету жолдарын жетілдіру. Жас буынның әлеуметтік-экономикалық ахуалын анықтау мақсатында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 14 пен 29 жас аралығындағы жастар мен жас кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде олардың 42 пайызы ең өзекті проблема ретінде - жемқорлықты атаған. Сауалнамаға қатысқан жастардың 5,16 пайызы саяси жетекшілерден гөрі өз туыстары мен жақындарының сөзіне көбірек сенетінін мойындаған.

Артур Нығметов, Медия технологиялары орталығының директоры:

Бізде инновация керек бизнесте. Себебі көптеген инновацияны дамытамыз жаңа идеялар керек деп айтады мемлекет. Бірақ көптеген байқаулар өтіп жатыр. Бірақ олардың нәтижесінде жаңа жобалар экономикаға енгізіліп жатқан жоқ. Ондай бизнес идеялар жоқ. Бізге ұлттық бизнес мектебі керек.

Мақсат Жампозбаев, жас кәсіпкер:

Талай балалар бар ақша таба алмай жүрген балалар бар. Несие алғысы келіп, енді көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар ғой кәсіпкерлікті қолдау, несие беру жағынан сол жағынан мысалға хабарсыз, ақпарат жетіспейді.

Тағы сол зерттеу нәтижесіне сүйенсек, жас кәсіпкерлердің 26 пайызы жалдау құнының жоғары екеніне шағымданған. 23 пайызы салықтың жоғарылығына наразы. Ал, 22 пайызы несие алуда қиындықтар барын және қаржының жетіспеушілігін алға тартқан. Сонымен қатар 17 пайызы кедергі ретінде коммуналдық тарифтердің қымбаттығы мен бәсекелестіктің жоғарылығын атаған. 16 пайызы білікті маман тапшылығы мен өнімді өткізудегі қиындықтарды алға тартады. Ал жастардың жеке кәсібімен айналысуда белсенділігін арттыру үшін қандай шаралар қажет деген сұраққа респонденттердің 67 пайызы банктер төмен пайыздық несие беруі керек деп жауап берген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ