$510.06 €566.32 ₽6.32
×

Елбасы «ҚТЖ» АҚ президентін қабылдады

AstanaTV
21.05.2015ж. 10:00
923
Елбасы «ҚТЖ» АҚ президентін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жетекшісін қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Асқар Мамин, мемлекет басшысына компанияның қазіргі қызметі және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Ал, өз кезегінде ел Президенті «Нұрлы жол» бағдарламасының маңыздылығына, оның аясында ауқымды жұмыстар жоспарланғанына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру ісімен көлік-логистика саласын дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін айтты. «Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты жетекші қаржы орталықтарымен байланыстыру қажет. Азаматтық авиация саласында осыған дайындалып, жаңа бағыттарды игерген жөн. Сонымен қатар біз ішкі рейстерді кеңейту үшін авиакомпаниялар құруға тиіспіз», - деді Президент.

Берік ХАСЕНОВ