Қостанай облысы аумағында қырылған киіктер саны 19 мыңнан асты. Бұл туралы
облыстық төтенше жағдайлар департаменті жазбаша хабарлама таратты. Жануарлардың
қырылу фактісі Амангелді ауданы аумағында мамыр айының 11-інде анықталған еді. «Қазір бұл аумақта арнайы штаб құрылып, ақбөкендердің
өлекселерін жою жалғасуда», - делінген хабарламада. Төтенше
жағдай орын алған аумақта 500-ден астам адам мен 76 арнайы техника
жұмылдырылды.
Ақбөкендердің өлуі Ақтөбе
облысының Ырғыз ауданында да байқалды. Аудан орталығынан 150 шақырымдай жерде 68
киіктің өлексесі табылған. Тобыл-Торғай табиғи резерваты аумағында, 18 мамыр күні қимылсыз жатқан жануарлар көзге түсті.
Әзірге олардың неден өлгені белгісіз. Оны арнайы құрылған комиссия анықтайды.
Ауа мен судан, шөптен сынамалар алынуда.
Құтқарушылармен бірге ауыл шаруашылық
басқармасы мамандары өлекселердің көзін жоюға кіріскен. Мамандар киіктердің
жаппай қырылуына жұқпалы індет себеп болуы мүмкін деп болжайды. Ал, Ырғыздағы
киіктердің өлуі көршілес облыстағы індетпен байланысты болуы мүмкін деген
жорамал бар.
Бауыржан Сыздықов, Ақтөбе облыстық
төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Алдын ала себебі, біз ойлаймыз,
ол жаңағы Қостанай облысымен шекаралас жақта. Қостанай облысында осындай жағдай орын
алып жатыр. Оның алдын ала себебі постерелез ауруы деп айтып жатыр. Бізде де
алдын ала себебі сондай деген шама бар.
Заңғар САНАЙ