Қарашығанақтағы
British Gas Group-тің үлесін Қазақстан сатып ала алады. Бұл туралы BG-дің
2014-жылғы қорытынды есебінде жария болды. Қазіргі таңда BG Group компаниясы
Қарашығанақ жобасында 29,5 пайыз акцияға ие. Еске
салайық, 8-сәуірде ағылшын-голландық мұнай газ концерні Royal Dutch Shell газ
өндіретін британдық BG Group-ті 70 млрд доллараға сатып алатыны туралы келісім
жасалғанын хабарлаған. Қос компания біріккен соң, BG Group басшылары 19 пайыз
акцияны иеленеді. Ағылшын-голландық біріккен компанияның нарықтағы құны 300
млрд доллар. Еліміздің Энергетика министрлігі Қазақстан билігі Қарашығанақта
Shell-мен серіктес болуға қарсы еместігін білдірді. Қарашығанақ -Қазақстандағы
ең ірі мұнай газ кенішінің бірі. Оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай мен 1,35 трлн
текше метр газды құрайды. Айта
кетейік, Қарашығанақ Петролиум Оперетинг жобасында - BG Group, Eni, Chevron,
«Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» бірлесіп
жұмыс істейді.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА