Колумбияның
солтүстік-батысында болған көшкін құрбандарының саны 60 адамға жетті. Өзеннің қатты ағысы мен ауа-райының қолайсыздығы іздестіру жұмыстарын қиындатып
отыр. Сондықтан бұл сан әлі де артуы әбден мүмкін.
Көшкін Санта-Маргарита
елді мекенін толық жайпап өтті. Із-түссіз жоғалғандар қатары көп. Бірнеше
сағатқа созылған жауынның соңы түн ортасында көшкінге ұласты. Бұл кезде халық
ұйқыда болғандықтан, апатқа мүлдем дайын болмаған. Лай мен тас аралас масса жолдар мен көпірлерді бұзып кеткен. Елдегі су
құбыры жүйесі де істен шықты. Құтқару жұмыстарына әскерилер тартылуда. Қауіпті аймақтардан
жүзге жуық тұрғын көшірілді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ