Алматыда
10 жасар қызға әлімжеттік жасап, зорлық көрсеткен педофилге іздеу жарияланды.
Күдікті ер адам шамамен 40-45 жас шамасында, бет әлпеті еуропалық нәсілге
жататын, орта бойлы деп сипатталуда. Бұл туралы бүгін қалалық ішкі істер
департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Оның
айтуынша, педофилдің кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық көрсету әрекеті
үйдің кіре берісіндегі бейнекамераға жазылып қалған.
Айта кетейік, 16 мамырда Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне арызданған
әйел, өзінің 10 жасар қызына белгісіз ер адам тарапынан зорлық әрекеті
жасалғанын айтқан.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі таңда осы қылмыстық
істі ашуға бағытталған барлық тергеу, із кесу шаралары шұғыл ұйымдастырылу
үстінде. Полиция қызметкерлері осы бейнекамерада тұрған адамның бейнесін
анықтауға, тұрғылықты жерін, сондай-ақ оны ұстауға бағытталған шұғыл
іздестіру жұмыстарын жүргізу
үстінде.