Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Маңғыстау облысында сирек кездесетін леопард өлтірілді

AstanaTV
15.05.2015ж. 20:00
1242
Маңғыстау облысында сирек кездесетін леопард өлтірілді

Маңғыстау облысында сирек кездесетін ортаазиялық леопард қақпанға түсті. Тілшілеріміз анықтағандай, табиғатымызда жоқ ортаазиялық леопард орман шаруашылық инспекторына шабуыл жасапты.

Маңғыстау аймақтық орман шаруашылық инспекциясының мәліметінше, оқыс оқиға осыдан 1 апта бұрын болыпты. Жергілікті шопандар «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік табиғи қорығының инспекторына белгісіз себептерден қойлар жоғалып жатқанын хабарлаған. Бұл қасқыр деп пайымдаған қорықшылар қақпан құрып, артынан оны тексеру кезінде белгісіз аңға тап болған. Леопард бірден қорықшыларға тап беріпті, ал инспектор қорғанамын деп аңға мылтық атқан. Шабуылдан қорық қызметкері жеңіл жарақат алса керек. 


Қазір бұл оқиғаны облыстың табиғатты қорғау полициясы бақылауға алған. Егер Қызыл кітапқа енген аңды қорғану мақсатында емес, себепсіз атқаны анықталса, күдіктілер қылмыстық жауапқа тартылуы ықтимал. 

Орманды аймақта кездесетін мысық тұқымдас барыс бұрын Орта Азияда тіршілік етіп, осы күні жойылып бара жатқан хайуандар қатарына жатады. Маңғыстаулық биологтар ол біздің елге Түркіменстан арқылы келуі мүмкін деген болжам жасауда. Қазір әлем бойынша ортаазиялық леопардтар саны 800 бен 1 300 аралығында ғана екен. Ал Түркіменстанда олардың саны жүзден аспайды. 

Берік ХАСЕНОВ

Алдыңғы жаңалық