Бүгін
халықаралық отбасы күні. Осыған орай Ақтөбеде «отбасы ескерткіші» ашылды. Темірден
жүрек сипатты жасалған архитектуралық композиция ескі қала аумағындағы Пушкин
атындағы саябақтан орын тапты.
«Жас жұбайлар» ескерткішін ашуға жергілікті
Фатеевтер отбасы мұрындық болған. Жобаны екі айға жуық уақыт ойластырып,
санаулы күн ішінде жергілікті шеберлердің қолымен жасапты. Шығындарын да өз
қалтасынан көтерген отбасы, қала тұрғындарына сыйымыз болсын дейді. Ашылу
салтанатына бірінші боп қырық жылға жуық оттасқан жанұя бақыт кілтін бекітті.
Сондай-ақ бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар да өздерінің
неке құлпын қалдырып үлгерді.
Асхат
Құлназаров:
Алға
қаласынан келіп тұрмыз. Бұл өте қуанышты күн. Бұл жаңағы жүрекшеге өзіміздің
кішкентай құлпымыз бар жүрекше түрінде. Арнайы тағып жатырмыз. Осы құлып
сияқты біздің махаббатымыз берік болсын, жанұямыз берік болсын, жалпы
Қазақстанымыз берік болсын деген мақсатпен.
Мансұр ЕСҚОЖИН