Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс
орындарын ашамын деуші кәсіпкерлер мемлекет бюджеті есебінен қаржыландырылады. Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осыны мәлімдеді. Бүгін Астанада
«Қазақстан Республикасының Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын
ратификациялауы: оң өзгерістерге ұмтылыс» атты халықаралық конференция өтті. Жиын барысында министр Дүйсенова елімізде еңбекке қабілетті
289 мың мүмкіндігі шектеулі адам барын айтты. Алайда, олардың тек 100 мыңы
жұмыспен қамтылған. Басым көпшілігі жеке секторда еңбектенуде. Қалғандарында
тиісті білімі мен біліктілігі жоқ, деген министр қазір заңнамалық деңгейде
өзгерістер енгізу шаралары қарастырылып жатқанын айтты.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
Парламенттің
қарауына заң жобасы енгізілген. Біз 24 заң мен кодекске өзгерістер енгізудеміз.
Бұл мемлекеттік емес секторға байланысты болып отыр. Егер жұмыс беруші
мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орындарын құрса, онда біз осы жұмыс орындарын
субсидиялауға дайынбыз.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА