$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Moody's : Қазақстан мен Әзірбайжан «мұнай» дағдарысынан оңай шығады

AstanaTV
15.05.2015ж. 13:00
1688
Moody's : Қазақстан мен Әзірбайжан «мұнай» дағдарысынан оңай шығады

ТМД елдерінің арасында Қазақстан мен Әзірбайжан «мұнай» дағдарысынан оңай шығады. Moody's халықаралық рейтинг агенттігі осындай болжам жасады деп жазады Вnews.kz. Айтуларынша, екі мемлекет те ірі мұнай резервтеріне ие және олардың украиналық қақтығыстарға қатысы жоқ.  Десе де, Ресейдегі күрделі экономикалық жағдайдан туындаған күрделі макроэкономикалық жағдай мен мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының құлдырауы әлі де ТМД елдеріне қатер төндіріп тұр, дейді сарапшылар. Болжамдарынша  қысылтаяң кезең әлі 12-18 апта бойы сақталады . Есептік мақаласын қортындылай келе, Moody's агенттігінің сарапшылары Қазақстан, Әзірбайжан және Молдованың жағдайы тұрақты десті. Ал, Армения, Беларусь, Ресей және Украинаның экономикалық жағдайы керісінше шатқаяқтап тұр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА