$546.36 €630.44 ₽6.7
×

ҰБТ-ға даярлық барысы туралы брифинг

AstanaTV
15.05.2015ж. 13:00
2157
ҰБТ-ға даярлық барысы туралы брифинг

Биыл Ұлттық біріңғай тестке тың өзгерістер енді. Енді 11-12 жыл оқыған оқушылардың еңбегі зая кетпейді, - дейді Білім және ғылым министрлік өкілдері. Тарқатып айтатын болсақ, 2015 жылдан бастап аттестатқа ҰБТ мен пән бойынша жылдық бағаның орташа есептелген көрсеткіші қойылады. Яғни, 11 жыл бойы 5-ке оқып, ҰБТ-да 4 не 3 алып қалған оқушының аттестатына 5 не 4 деген баға қойылады. Мұндай аттестаттау мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, енді ҰБТ қортындылары ашық жарияланбайды. Енді ол құпия ақпарат болады. 2015 жылдан бастап тест қорытындысын тек түлектің жеке сәйкестіндіру нөмірі бойынша білуге болады.

Саят Нүсіпов, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

Кейбір жағдайда, оқымаған, оқығысы келмеген оқушылар сәттіліктің, көшіріп алудың арқасында, не ережені бұзып қандай да заттардың көмегімен Ұлттық бірыңғай тестте жоғары балл алып кетеді. Бұл әрине әділеттілік емес. Ол 11-12 жыл жақсы оқыған оқушының «грантын» тартып алуы ықтимал. Сондықтан енді аттестатқа ортақ баға қойылады.

Берік ХАСЕНОВ