Атақты
қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам WBA тұжырымдамасындағы үздік 10
боксшымен жұдырықтасуға дайын. Оларға ұсыныс жолданғанын журналистер өткен
кездесуінде айтты. Шаршы алаңға
шақырылған боксшылар қатарында Геннадий Головкинге қарсы шығудан бас тартқан Канелло
Альварес және Мигель Коттолар бар. Бірақ әзірге олардан жауап жоқ, дейді Қанат.
Мексикалық Канелло Альварес Қанатпен тек спарринг жекпе-жекке шығуға ғана ниет
білдіріпті. Боксшымыз қазір кез-келген қарсыласқа қарсы шығуға әзірмін дейді.
Қанат
Ислам, WBA тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы:
Жазып
жатқандар көп те негізі, бірақ айтқызбайды. Бір-екеуін ғана, шығып жүрген
мықтыларды көрсетіп қояды да. Ал мен де жазамын, ол да жазады, күнде 10 хат
келіп тұрады оларға. Бірақ ол біледі де кіммен шығу керегін. Маған кіммен шығу
маңызды емес, маған уақыт берсе мен кіммен болса да шығуға дайынмын шынын
айтқанда.
Қанаттың
шаршы алаңдағы кезекті кездесуі тамыз айында өтуі мүмкін. Бірақ қарсыластың кім
екені әзірге белгісіз. Айта кетейік, қазір даңқты боксшымыз елде жүр. Алматыға
келгенін естіген кәсіпкерлер спортшыға шапан жауып, құрмет көрсетті.