$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұлттық палатадағылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатқа көз тігіп отыр

AstanaTV
10.12.2015ж. 20:00
1106
Ұлттық палатадағылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатқа көз тігіп отыр

Ұлттық палатадағылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатқа көз тігіп отыр. «Атамекен» ұлттық палатасының кеңейтілген жиынында осы мәселенің шеті шықты. Ал экономикаға қаржы тартудың бір тетігі ретінде басталған мүлікті жариялау науқаны аясында 430 млрд теңге тіркелген. Бір қызығы, енді қалталылар қаражатты көлеңкеден шығару үшін мемлекетке ақша төлемейді. Тіпті рәсімделген қаржыны шет елге де шығаруға мүмкіндік жасалып отыр.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің айтуынша, сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 67 пайызы, несие көздері жоқ, теңге тапшы, деген. Банктердің сары майдай сақтап отрырғандары - елдің депозиті. Оның 70 пайызы АҚШ валютасымен. Доллармен несие алуға ешкімнің құлқы жоқ. Тығырықтан шығудың бір жолы - зейнетақы қорындағы қаражатты шығару, - деп есептейді Ұлттық палата өкілдері.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Там ключевых 2 вопроса - по средствам ЕНПФ, все-таки это сегодня серьезный, важный источник, чтобы мы взаимопонимание нашли.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов те түбі қордағы қаражат экономикадағы проблемаларды шешуге бағытталатынын ишаралады. Бірақ, қыруар сома кімге тиесілі екенін кәсіпкерлердің қаперіне сала кетті.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Зейнетақы қорындағы қаражат біз бен сіз немесе мемлекетің ақшасы емес. Ол қарапайым салымшылардың ақшасы. Бірінші кезекте біз ол соманы қалай сақтап көбейтуді ойлауымыз керек. Екіншіден барып, ол қаражатты, ағымдағы проблемарды шешу үшін, қолдануға болатынын ескереміз. Бұл мәселе әлі талқыланады.

Ал экономикаға қосымша қаражат тартудың тетігі ретінде қолға алынған мүлікті жариялау науқаны аясында 430 млрд теңгеден асатын мүлік пен ақаша жария етілген. 181 есеп шот ашылып, бюджетке 3 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бір қызығы, бұдан былай жиған-тергенін жария еткен қалталылар сол соманы қолма-қол ақшамен толық шешіп алуға құқылы. Тіпті шетелге алып кете алады. Былтыр көлеңкеден шығарылған қаражат банктерде айналымға түседі, экономикаға қызмет етеді, делінген.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Басында біз ақшаны экономикаға жұмыс істетуді көздегенбіз. Сондықтан мүлкі мен қаржысын жария еткен адам есепшот ашып, депозитке сақтап, егер ақшасын мерзімінен бұрын алып кеткісі келсе, 10 пайызын төлеуге міндетті болған. Бүгінде бұл нормалардың барлығы алынды. Қазір азамат ақшасының есепшотта жатқанын көрсетсе болғаны. Өзіне қажетті соманы барлық мақсатта жұмсай алады. Тіпті қолма-қол ақшамен бар ақшасын алып кетуге құқылы. Және 10 пайыздық жинақты да төлемейді.

Шынтуйтында, қалталылар үшін келесі жылдың соңына дейін ешқандай міндетсіз қалтарыстағы қаржыларын заңдастыруға керемет мүмкіндік туып тұр. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ