$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Атырауда қысқартуға іліккен жұмысшылардың барлығы - мұнай-газ компанияларының қызметкерлері

AstanaTV
10.12.2015ж. 20:00
1737
Атырауда қысқартуға іліккен жұмысшылардың барлығы - мұнай-газ компанияларының қызметкерлері

Атырау аймағындағы тағы 10 кәсіпорын келер жылы жұмысшыларды қысқартуды сұрап отыр. Бұл туралы әкімдік өкілдері хабарлады.

Алайда, нақты қанша адам жұмыссыз қалуы мүмкін екені белгісіз. Ал бұған дейін қысқартылған 700-дей адамның барлығы мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсететін компанияда істеген. Олардың көбін Теңізшевроил компаниясының мердігерлері таратқан екен.

Балдай Өтеғалиева, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Ең көптерін айтайын, «Арктик Групп Интернешнл», «Болат Жол» ЖШС деген бар, бұл да Теңгиздегі мекемелер. 89 адам қысқарған екен екеуінде де. Біз енді көпшілігінде 100-ден артық адамы бар адамдардың қысқартуы болған болатын-ды. Солардың көпшілігімен меморандум жасақталғанның аясында жұмыс орнындарын сақтап қалу жөнінде сөйлесілгеннен, 5-6, 10 шақты адам қысқарту болды. Көпшілігі жұмыс орындарында қалып отыр. 

35 компаниядан қысқартылғандардың 205-і бүгінде тұрақты жұмысқа орналасып үлгерген. Тағы жетеуі қайта даярлықтан өткен. Мамандар, қалғандары екі қолға бір күрек табу үшін жұмыспен қамту органдарына тіркелуі тиіс, дейді. Сонда ғана мемлекеттік орган оларға жұмыс табуға көмектесе алады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ