Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сарапшылар Шымкентте өткен форумда жолдауды іске асырудың тетіктеріне тоқталды

AstanaTV
10.12.2015ж. 20:00
1709
Сарапшылар Шымкентте өткен форумда жолдауды іске асырудың тетіктеріне тоқталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға барынша басымдық берілетін болады. Бұл туралы бүгін Шымкентте өткен «Президент Жолдауы: тұрақты дамудың 5 бағыты» атты сарапшылар форумында айтылды.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекшілігімен өткен алқалы жиында Елбасының халыққа арнаған кезекті жолдауының басым бағыттары талқыланып, жиналғандар оны іске асырудың нақты жолдарына тоқталды. Аграрлы аймақ саналатын Оңтүстікте өндірістік ахуалды көтеру, жұмыс орындарын көбейту және шағын және орта бизнесті дамытуда аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Инвестиция тарту  мәселесі де  күн тәртібінде. Жуырда ғана ұлттық компаниялармен бірлесіп, жалпы құны 9,8 миллиард теңгені құрайтын меморандумға қол қойылған. Өңірдің инвестициялық капиталы дәл бүгін 323,3 млрд теңге,- деді аймақ әкімі Бейбіт Атамқұлов. Оның басым бөлігі өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Айта кетейік, сарапшылар инвесторларды тек шикізат өндіруге ғана тартпай, дайын өнім шығарған жағдайда ұтарымыз көп,- деді.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі:

Негізінен Оңтүстік Қазақстанға екі бағыт басымдыққа берілді. Бірінші, ол - ауыл шаруашылығы, екінші- жеңіл өнеркәсіп. Осы екі бағыттың даму барысында, Президент өзі айтып өтті, Оңтүстік Қазақстан облысы кластер болады, жеке осы екі бағыт бойынша. Енді сонымен қатар, өзіміз білетіндей, ОҚО-да шағын және орта бизнес өте жақсы жоғары деңгейде дамыған. Бұның өзі өте жақсы импульс болады жолдаудың жүзеге асыру механизмдері кезінде. 

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі:

Көршілеріміз Ресей, Қытай, мысалы, Евразиялық елдер және Кавказ елдеріне, Үндістан, Пәкістаннан жыл сайын 3,5 триллион импортталады екен тауарлар. Біздің өзіміздегі тауарларды сол елдерге де экспорттау керек. Экспорттың тарапынан бізге де қаражат көп түседі. Соны әсіресе біздің Оңтүстікке Елбасының жолдап жатқан жолдауының орны бөлек деп есептеймін. Ол макроөңірлік өлке, сонысымен әсіресе, тағы да қайталап айтам, ауыл шаруашылық өнімдерін біз экспорттай аламыз. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ