$448.71 €479.67 ₽5.52
×

Президент Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылатын болды

AstanaTV
11.12.2015ж. 20:00
1039
Президент Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылатын болды

Билікте ауыс-түйіс. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. Енді Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалған.

Президент Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылатын болды. Оны Талғат Донақов басқарады. Ол Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Ал бұл орынға бұған дейін Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болған Марат Бекетаев тағайындалды. Сонымен қатар Әлихан Смайылов Президенттің көмекшісі болып бекітілді. Ал Анатолий Смолин Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

Берік ХАСЕНОВ