«Күнді шақыр». Осындай атаумен
бүгін Алматыда көрнекті ақын, жазушы Жаппар Өмірбектің жаңа кітабының тұсауы
кесілді.
Екі жарым мың таралыммен шыққан
еңбекке қаламгердің балаларға арналған 25 өлеңі еніпті. Ақын туындысына сия
төкпес бұрын, бала жанына үңіліп, олардың қылығынан өзіне сыр түюге ұмтылғанын
айтты. "Көтерген тақырыптарымен ол балғындарды ізгілік пен мейірімділікке
жетелейді. Сондықтан да өлеңдердің тілі жас оқырмандарға түсінікті", -
дейді кітаптың тұсаукесу рәсіміне жиналғандар. Шара барысында қаламгердің
замандастары мен ізбасарлары тұлға жайлы естелік айтып, оқушылар қаламгердің
жаңа өлеңдерін жатқа оқыды.
Аяулым Болысбек, 2 сынып
оқушысы:
Мысық
сұрап, «мяу» деді, Нәргүл тұрып «әу» деді. Түсінбедім не дейсің? Айтшы өзің не
жейсің?
Нан ба, сүт пе, ет пе? Мяу
деме, ет де. Сонда мамам түсінер, Сонда білер кісілер.
Айгүл ЕРМАХАН