$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бұрынғы үкімет басшысына қатысты үкім

AstanaTV
12.12.2015ж. 20:30
1489
Бұрынғы үкімет басшысына қатысты үкім

Кеше бірнеше жоғары лауазымды қызметтер атқарған, еліміздің премьер-министрі де болған, былтыр жемқорлық қылмыстарға байланысты айыпталған Серік Ахметовке қатысты сот үкімі шықты.

Исламхан Есенбаев, судья:

Сот Серік Нығметұлы Ахметовті ҚР ҚК-інің 176,310,307 –інші баптары бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен бірге, 10 жылға бас бостандығынан айырады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан да 5 жыл мерзімге айырылады.Жазасын жалпы ережедегі колонияда өтейді. Сот залынан тұтқындалады.

Аты шулы сот процесіне жүздеген адам қатысты. Алғашында үкім сағат 16.00-ге белгіленіп, кейін 18.00-ге шегерілді. Ақыры кешкі сағат 20.30- да әрең басталды. Бұрынғы премьер-министрдің қорғаушылары айыпталушының ақталып шығуынан үмітті еді. Олар «Ахметовтің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз»- деп, соттан экс-премьер министрді толық ақтауды сұраған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушылардың өздері Ахметовтен «пара алу» туралы айыпты  алып тастаған еді.

Үкім 15 күннен кейін күшіне енеді. Ахметовтің қорғаушылары облыстық сотқа қайта шағымданатындарын білдірді.

Айта кетейік, С.Ахметовке мемлекеттің 1 жарым млрд-тан астам қаржысын жымқырумен бірге, кәсіпкерлікке заңсыз араласты деген айыптар тағылған болатын. Ол 1 жыл 1 ай үйқамақта отырды. Сот 4 айда 330 томнан тұратын қылмыстық істі қарап, 250 куәгерді тыңдады. Серік Ахметовпен бірге жемқорлық қылмысқа қатысы бар деп қамалған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов та  сотталды. Судья Мейрам Смағұловты 3, Бауыржан Әбдішевті 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.